Талас ауданы Үшарал ауылының тұрғыны шағын ауланы тиімді пайдалануда

0 2

Үй іргесіндегі шағын ауланы тиімді пайдаланудың жолы қандай? Оны Талас ауданы Үшарал ауылының тұрғыны Қыдырбек Әбдімәліков жақсы біледі. Есігінің алдындағы кішкентай жерді бау-бақша етіп жайқалтып, қосымша құс шаруашылығымен айналысатын еңбек адамы өз жұмысын жасауда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Таластық Қыдырбек Әбдімәліков өз үйіндегі қосалқы жерді бірден бір табыс көзіне айналдырып отырған жан. Ол шарбағындағы 25 сотық жерге қияр, қызанақ пен сәбіз еккен. Ал, шағын қорасына мал байлап, одан қалды құс шаруашылығымен де айналысады. Былтыр алған бірнеше үндік биыл балапан басып, құстың саны қазір 100- ден асты. Ерінбей еңбек ету үшін адамда ниет әрі ертеңгі күнге деген сенім болса болғаны дейді шаруа.

Қарапайым заттар экономикасын дамытып, ауылды жерде қосалқы шаруашылықтарды құру бағытындағы жұмыстар облыста қарқынды түрде жүргізілді. Осының арқасында қазір халық пен билік арасында нақты түсінік қалыптасып келеді.

Үй іргесіндегі алақандай ауладан табыс табуға ниеттеніп отырған Таластықтар саны күн санап артып келеді. Алда, оларды несиелендіру, кооперативтерге біріктіру секілді маңызды жұмыстар күтіп тұр.  Қарапайым заттар экономикасы бағытындағы жұмыстар аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың өңірді дамытуға арналған басым бағыттарының бірі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.