Маман біліктілігімен  бағалы

0 5

Қаламыздағы   І.Жансүгіров   атындағы  кітапхананың  «Коворкинг»  орталығында    23 маусым  —  мемлекеттік  қызметшілер  күніне  орай  кездесу  жиыны  болып  өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Менің  жетістігімнің  тарихы»   атты  тақырыпта  өткен  кездесуге  мемлекеттік  қызметтен  зейнеткерлікке  шыққан,  өмір  жолдары  өнегеге  толы   Асқар  Қуаныш  және  Талғат  Жұмабек сынды еңбек ардагерлерімен қатар, мемлекеттік   қызметке  енді  ғана  аяқ  басқан  жас  қызметкерлер  қатысты.    Жиынның  модераторы  аудан  әкімі  аппаратының  басшысы  Ұлан  Алтынкопов  болды.

— Мемлекттік  қызметші  атану адамның  жан-жақты  білімді,  жауап­кершілігі  мол  және  білікті  әрі  кәсіби  маман  болуын  талап   етеді.  Ұлт  мәртебесін  көтеретін,  ел  абройын   асқақтататын  мемлекеттік  қызметкер  болу — мәртебелі  міндет, —  деген  Ұ.Алтынкопов  аудан  бойынша  175  мемлкеттік  қызметші  бар  екенін  айтып,   әріптестерін  кәсіби  мерекемен  құттықтады.

Келесі  кезекте   Т.Жұмабек  жоғарғы  оқу  орнын   аяқтап,  қолына  жол­дама  алып  алғаш  қызметке  араласқан  сәтін еске ала отырып,  әңгімелеп берді.

Ал,  қызметін  бала  оқытудан,  яғни  ұстаздықтан  бастаған,  ауданның  көркейіп  дамуы  мен  білім  саласына  да  сүбелі  қызметі  сіңірген  ардагер  аға  Асқар  Қуаныш  та  жас  мамандарға  қызметтік  өмірінің  парақтарынан  сыр  ақтарды.

— Балалық  арманым  мен  сол  кездегі  зерделеуіммен   шет  тілі  мамандығын  оқуды  жөн  көрдім.  Себебі,   ол  уақытта  жер  бетіндегі  халықтардың  76 пайызы  ағылшын  тілінде  сөйлейтіндігінен  хабардар  едім.  Басты  мақсатым,  тілді  меңгере  отырып,  өзге  елге  елімізді  таныту,   азаматтық  міндетім  деп  білдім,  — дей  келіп,  жас  қызметшілерге  қарапайымдылық,  мәдениеттілік  пен  біліктілікті  серік  етумен  қатар,  жауапкершілік  пен  іскерлікті қатар алып жүру қажеттігін ескертті.

Еркін  форматта  өткен  кездесуде  мемлекеттік  қызметтің  қыр  — сы­ры­на  қанық,  талай  жыл  талмай  елеулі  еңбек  еткен  ардагер  ағалар жас  ма­мандармен  бар  білген-түйгендерімен  бөлісіп,  сауалдарына   жауап  берді.

Сонымен  қатар,  мемлекеттің  берген  тапсырмасын  заң  аясында  асқан  жауапкершілікпен  орындау  басты  міндеттері  екендіктерін  баса  айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.