Талас ауданында 12171 гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған

0 2

Талас ауданында ағымдағы жылдың өнімі үшін барлығы 12171 гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру және 1600 га пар дайындау жоспарланған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Оның ішінде: күздік бидай 4000 гектар және бұрынғы жылдардағы    көпжылдық шөп 4221 гектарды  құрайды. Көктем айларында 3950 гектар алқапқа жаздық ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып 3286 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды оның ішінде: 1310 гектар жаздық арпа, 380 гектар дәндік   жүгері,   600 гектар мақсары, 100 гектар күнбағыс, 130 гектар картоп, 320 гектар бақша, 230 гектар көкөніс және 750 гектар.

Айта кететін жай, 2019 жылдың өнімі үшін жоспарланған 3200 га күздік бидайдың орнына 4000 га жерге күздік бидай артығымен егілді.

Ағымдағы жылы Ақкөл ауылдық округіндегі «Бекен» шаруа қожалығында 230 гектар алқапқа 130 га қант қызылшасы, 50 га картоп, 30 га пияз, 20 га сәбіз тамшылатып суару технологиясын енгізіп отыр.

Тамды ауылдық округінде орналасқан «Тамды» темір бетон жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 35 млн. теңге бөлінді жоба құны 70,0 млн. теңге. Темір бетон лотоктарын қайта қалпына келтірген жағдайда 1200 гектар алқапты толығымен және уақытылы сумен қамтуға болады

Тамды су жүйесі массивін темірбетон лотоктар жүйесі механикалық отряд арқылы қайта қалпына келтіру ұсынылды. Бұл массив «Тамды» — 2,14 млн. м3, «Жартас» — 5,05 млн. м3, «Мыңшұқыр» — 7,0 млн. м3 су қоймаларынан су жеткізіледі. Лоток жүйесінің магистралды лотоктарының ұзындығы 6,1 км жалпы ұзындығы 28 км, суарылатын алқап 1200 га. Бүгінгі күнге нақты суарылатыны 300 га. Осы массивті қалпына келтірілген жағдайда игерілмеген 800 гектарға, қосымша 150-200 га қосылып, жалпы 1100-1300 гектар алқапты толығымен және уақытылы сумен қамтуға болады. 6,1 км магистралды темір бетон лотоктары толығымен қирап, істен шыққан. Бұл лотоктарды жөндеуге алдын ала есеппен 2 нұсқасын ұсынамыз: 70-80 млн. теңге қажет етеді.

Сонымен қатар, аудандағы сорланған суармалы жерлерге 1500 тонна  фосфогипсін алу жоспарланған. Бүгінгі күнге «КазФосфат» ЖШС-мен 2146 тоннаға келісім-шарт жасалынып, оның 505 тоннасы тасымалданды. Алдағы уақытта бекітілген кестеге байланысты тасымалданатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.