Қаратау қаласында 2 тонна сүт өнімдерін өндіретін цех ашу жоспарлануда

0 2

Қаратау қаласында тәулігіне 2 тонна сүт өнімдерін өндіретін май, қаймақ, ірімшік цехты ашу мақсатында жеке кәсіпкер «Сержанов» тарапынан жұмыстар жасалуда. Жобаның құны 28 млн. теңгені құрайды. Қазіргі таңда несие алу бағытында жұмыстар жүргізілуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қызыләуіт ауылындағы «Кәусар» шаруа қожалығы өз қаржысына 200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салып жатыр.

Бостандық ауылындағы «Тәжібай» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі биылғы жылы «Ауыл шаруашылығы қолдау қоры» АҚ  арқылы несиеге сүт жинайтын танкер және сүт таситын автомашина алып, сүт өнімдерін қайта өңдеу бағытында жұмыстарын жоспарлауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.