Жамбыл облысында пара берген азаматтар жауапкершілікке тартылды

0 2

Пара берген азаматтар жауапкершілікке тартылды. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА аталған ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараз қаласының тұрғындары Е.Туркулов және Н.Избасаров Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасына мемлекеттік шекара арқылы жүк және тауар тасымалдаушылардың автокөліктерін тездетіп және кедергісіз өткізу үшін «Айша бибі» шекара бақылау бөлімшесінің бастығына біріншісі 393 000 теңге, екеншісі 390 000 теңге пара бергені анықталып, әшкерленген.

Нәтижесінде Тараз қалалық сотының үкімімен пара ұсынған тұлғалар Е.Туркулов және Н.Избасаров кінәлі деп танылып, тиісінше 11 370 000 және 5 850 000 теңгеден айыппұл ретінде жазаға тартылды.

Осы тектес құқықбұзушылықты азамат О.Тулендыбаевпен Талас аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Ж.Омарға 40 000 теңге көлемінде пара беру барысында әшкереленген. Нәтижесінде Талас аудандық сотының үкімімен О.Тулендыбаев кінәлі деп танылып, оған 400 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Өңірдегі жемқорлықтың деңгейін төмендету үшін тұрғындар тарапынан лауазымды тұлғаларға пара немесе сыйлық ұсыну тәжірибесін тоқтатуды, сондай-ақ, қызмет алу немесе кәсіпті жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық көріністерімен, әкімшілік бөгеттермен кездескен жағдайда кез келген уақытта Департаментке хабардар ету туралы спикер Ә.Әшірбаев атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.