Жамбыл облысында «Желтоқсан-86» музейінде дөңгелек үстел отырысы өтті

0 9

Жамбыл облысында «№51 Бәйтерек бастауыш партия ұйымының» төрағасы Мұрат Бердалиев және  облыстық Желтоқсан көтерілісі қоғамдық бірлестігінің ардагерлерімен «Желтоқсан-86» Музейінде Желтоқсандықтар мен Музей қызметкерлері арасында дөңгелек үстел отырысы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық  Агенттігі.

Дөңгелек үстелде  Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауын талқылау, сонымен қоса қоғамдағы болып жатқан кейбір келеңсіз жағдайларға деген пікірлемен және ұсыныстармен бөлісті.

Сондай-ақ алдағы уақытта игі жұмыстар жүргізуге, экстремизмге жол бермеу, жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеуге белсенді ықпал ету шараларына аса көңіл бөлу керек екендігі назарға алынды. Мұрат Бердалиев Желтоқсан көтерілісін кеңінен насихаттау керектігін айтып өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.