Тараз қаласында түзеу мекемелерінде еңбек терапиясы қолға алынуда

0
7

Соңғы уақытта түзеу мекемелерінде еңбек терапиясы  қолға алынуда. Абақтыдағылар қол қусырып отырмастан, еңбекке араласып, нәпақа тауып отбасын асырап, керек-жарағына жаратып отыр, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Ал бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге де тиімді. Қайталанбас қолөнер туындылары,арзан қол жұмыс күші, сапалы тауар. Бұл үрдіс Жамбыл облысындағы ҚАЖД ЖД-158/7 мекемесінде де орын алған. Бүгінде мекеме аумағында 12 жеке кәсіпкерлік жүйелі жұмыс істесе, сотталғандардың 90 % тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың дені әр түрлі өнім шығарар өндірістік бағытта болса, көбіне шикізат ретінде ағашты қолданады.Ағаш өнімдерінің жануға бейім бірден-бір материал екендігін ескерсек, сақтықта қорлық жоқ. Сондықтан мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Алмазбек Азизбеков төтенше жағдайлардың алдын алып, тілсіз жаудан сақтану мақсатында жеке кәсіпкерлермен кездесіп, өндірістік аумақтарын мықтап қамдауға шақырды.

Арнайы жиындар өткізсе, тиісті сала мамандарын шақырып, техникалық қауіпсіздік шараларын түсіндіру үстінде. Сондай басқосудың бірі бүгін мекеме аумағында кезекті рет ұйымдастырылып, бірқатар кәсіп иелері қатыстырылды. Оларға Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Мадияр Жатқамбаев қауіпсіздік ережелері, алдын алу бағытында атқарылар жұмыстар, қажетті материалдық құралдармен жабдықтауға қатысты нақты анықтама берді.

Өзге де тұспалды сұрақтар жан-жақты талқыланып, өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қатаң талап ету керекті. Ал бұл тұста мекеме әкімшілігі әрдайым қол ұшын созуға дайын екендігі айтылды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here