Тараз қаласында 70 969 бала жаңа оқу жылын бастады

0 2

Қаладағы жалпы білім беретін күндізгі 60 мектеппен 1 кешкі мектебінде жалпы 70 969 бала жаңа оқу жылын бастады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Оның ішінде арнайы сыныптарда түзете-дамыту оқыту бағдарламасымен – 265, инклюзивті біліммен –171, үй жағдайында 647 оқушы біліммен қамтылған. Өткен жылмен салыстырғанда оқушылар саны 3814 балаға өскен. Мұғалімдер саны 5911 бірлікті құрайды. Сонымен қатар, 186 мектеп алды даярлау сыныптарында 3672 бала білім алуда.

Жалпы білім саласына 28 млрд. 308,0 млн. теңге бөлінді немесе 2018 жылмен салыстырғанда 18,4%-ға жоғары болып отыр. Жалпыға міндетті білім беру қоры шығындары есебінен аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына 2019 жылға 1 млрд. 273,8 млн. теңге қаражат қарастырылған. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың 11566 баласының тегін ыстық тамағына – 722,2 млн. теңге, киім-кешекке 375,3 млн. теңге, жазғы мектеп жанындағы лагерьлерге 35,8 млн. теңге , жазғы сауықтыру лагеріне 140,4 млн. теңге қарастырылған .

Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 14 наурыздағы №810 қаулысымен тегін ыстық тамақтың құны, бір балаға  450 теңге болып бекітілді.   Мектептердегі модификациялы сыныптардың саны 115 бірлікті құрады. Оның ішінде химия – 22, физика – 24, биология – 24, лингафондық немесе мултимедиялық сыныптар – 45. Сондай-ақ 60 мектеп бейне бақылаумен, 59 білім мекемесі 393 интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Қаладағы 60 мектептің барлығы кең жолақты интернет желісімен қамтылған. Сондай-ақ, қала маңындағы ара қашықтығы 3 шақырымнан асатын саяжайлардан 2232 оқушы 7 мектепке (№19,21,50,55,56,57,59) 17 автокөлікпен тасымалданады. Осы мектептердегі оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 452-ге өсіп отыр. Осыған байланысты, 2 мектепке  2 автобус №55 орта мектеп және №21 орта мектепке сатып алуға 28,9 млн. теңге қаржы қарастырылып, автобустар сатып алынды.

Сондай-ақ, мектептердің материалдық-техникалық жағдайын нығайту мақсатында 2019 жылы №41 гимназияға биология кабинетін алуға 5,7 млн. теңге, №11 мектепке физика кабинетін алуға 7,1 млн. теңге, №18 мектепке химия кабинетін алуға 6,6 млн. теңге, 28 мектептің пандустарын талаптарға сәйкестендіруге 31,2 млн. теңге, 10 мектепке роботтехника кабинетін алуға 87,8 млн. теңге және  16 мектептің бейнебақылауын жаңартуға 55,2 млн. теңге қаражат қарастырылып, конкурстық жұмыстар жүргізілуде.   Сонымен қатар, №5, 45, 51, 54 мектептерден IT сыныптарын ашуға жергілікті бюджеттен 44,6 млн. теңге қарастырылды. Мектептен тыс техникалық шығармашылық орталығынан технопарк ашуға 14,8 млн. теңге бөлінген.

Ағымдағы жылы жалпы білім беретін 55 орта және 1 кешкі мектептің 11 сыныбын барлығы 2144 оқушы бітірген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.