Талас ауданының əкімі арнаулы кəсіптік оқу орындарының білімгерлерімен кездесті

0 0

Талас ауданының əкімі Досмаханбет  Алиев Қаратау құрылыс-техникалық колледжінде Жастар жылына орай аудандағы арнаулы кəсіптік оқу орындарының білімгерлерімен кездесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесуге дейін Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің білімгерлерге арналған 35 орындық жатақханасымен танысты. Сонымен қатар, колледждің оқу базасы мен колледж білімгерлерінің жасаған қолөнерлері мен технологиялық құралдарын көрді. Колледждің акт залында жастармен кездесіп, Мемлекетіміздің жастар саясатын қолдау бағытында атқарып жатқан жұмыстармен ой бөлісті.

Білімгерлер тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс пікірлерге жан-жақты жауап берді. Білімгерлер еркін форматта өткен кездесуге ризашылықтарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.