Биыл Жамбыл облысында алғашқы медициналық санитариялық ұйымдарға деген қажеттілік 100 пайыз шешіледі

0 0

Жамбыл облысында алғашқы медициналық санитариялық  ұйымдарға деген қажеттілік 100  пайыз өз шешімін тапты. Өткен жылы өңірде 29 денсаулық сақтау  нысаны халық игілігіне берілсе, жыл соңына дейін  65 нысанның мәселесі шешіледі деп күтілуде.  

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте  Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов айтты, деп хабарлайды «Zhambylnews» Ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының тапсырмасына сәйкес алғашқы медициналық — санитариялық көмектің қол жетімділігін арттыру үшін, облыста зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 95 нысанның қажеттілігі анықталды. 2018 жылы мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында 29 нысанның мәселесі шешілсе, 1 нысан сатып алынып, 9 нысан бюджет есебінен салынды. Оған облыстық бюджеттен 1,3 млрд.тг бөлінді.

Жыл соңына дейін қалған 65 нысанның мәселесі шешілгелі отыр. Нысандардың салыну мерзімі 7 жылдан 2 жылға қысқартылып бюджеттің қаражаты 4,2 млрд. теңгеге үнемделеді. Нәтижесінде облысымызда алғашқы медициналық санитариялық ұйымдардың қажеттілігі 100% шешілетін болады,— деді спикер.

Сонымен қатар, аймақта 200 төсекке арналған онкологиялық диспансердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны- 13,9 млрд. теңге.  «Ауыл-Ел бесігі!» жобасы аясында Байзақ аудандық орталық ауруханасында күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Шу ауданы Төлеби ауылындағы аудандық ауруханаға жапсарлас емхана ғимаратының құрылыс жұмыстары басталды. Сондай-ақ, Байзақ ауданында республикалық бюджеттен құны — 2 млрд.тг болатын 250 келушіге арналған емхана құрылысы пилоттық жоба жол картасына енгізілді.

-Қордай ауданында республикалық бюджеттен құны 9,2 млрд.тг құрайтын 250 келушіге арналған емхананың жобалық сметалық құжаттамасы мелекеттік сараптамадан өтуде. Сонымен қатар, 270 орындық аурухана құрылысының жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін қараша айында қаржы бөлу мәселесі қарастырылады, — деді Марат Сейітбекұлы

Leave A Reply

Your email address will not be published.