Пәкістанда пойыз өртенді: қаза тапқандар саны 60-тан асты

0 3

Пәкістанның солтүстік-шығысында Пенджаб провинциясында пойызда газ баллоны жарылысы салдарынан қаза тапқандар саны 62-ге жетті, ондаған адамадар жарақат алды, — деп хабарлайды РИА Новости.

Осыған дейін, Пәкістанда пойыз өртену салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алғаны айтылған еді. Компания өкілінің айтуынша, өрт — тамақ істеуге қолданылатын газ балоны жарылу салдарынан шыққан. Өрт үш вагонға жайылған. Пойыз Караши қаласынан шығып, Равалпиндиге бара жатқан.

Пәкістан темір жол министрі Geo TV телеарнасына берген сұхбатында Шейх Рашидтің айтуынша, көптеген адамдар қозғалыс кезінде өртеніп жатқан пойыздан секіремін деп қайтыс болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.