Тараздық тұрғын түрме тәртібін бұзды

0
368

Есірткіге есі кеткендер түрлі амал-айлаға баруда. Қылмыскер екендігін қаперіне ілмей, ет-жақындарын да қылмыс жасауға итермелейтінін қайтерсіз. Түзеу мекемелерінің күзет аумағына қатаң тиым салынған заттарды жасырын өткізбек ниетте әр алуан тәсілге жүгініп, салдарынан істі болып сан соғып жатқандар қаншама. Сондай дәйекті деректің бірі Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

А. Асқаров көшесі бойындағы зәулім қоршауды асырып, түзеу мекемесінің ішкі күзет аумағына белгісіз затты лақтырған. Олқылықты бейнебақылау арқылы аңғарған бақылаушы дер кезінде тиісті шараларды қабылдап, күдікті оқиға орнында құрыққа ілінді. Белгілі болғандай Тараз қаласының 21 жастағы тұрғыны. Бұған дейін істі болмаған. Мекемедегі өндіріс орнының 2-аумағына бағытталған күдікті зат 15,77 грамм кептірілген марихуана екендігі мәлім болды. Мұны сот-химиялық талдама дәлелдеп отыр. Осыған орай, тиісті жұмыстар жүргізілу үстінде.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here