Тұрар Рысқұлов ауданында «Парасатты отбасы» байқауы өтті

0 4

Отбасылық құндылықтарды насихаттау, жас ұрпақ бойына ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді сіңіру, бала тәрбиесіндегі отбасы рөлін арттыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Парасатты отбасы» аудандық байқауы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Байқауға барлығы 13 отбасы қатысып, байқау талабына сай бейнесюжет арқылы отбасының тарихын,дәстүрлерін,отбасы мүшелерінің жетістіктері мен күнделікті өмір сүру салттарын, ұлттық құндылықтарды бойға дарытудағы отбасылық ұстанымдары туралы баяндады.

Байқау қорытындысымен Дәкеновтер отбасы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп Бас жүлдені, Баязитовтар отбасы Ақыртөбе орта мектебі 1 орын, Аязхан отбасы Алғабас орта мектебі 2 орын, Иманбаевтар отбасы №2 шағын орталықты орта мектеп 3 орын иеленсе, қалған отбасылар түрлі номинация иегерлері атанды.

Байқауға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев қатысып, «Парасатты отбасы» байқауының мән-маңызымен таныстырып,байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.