Тараздық полицейлер мас жүргізушіні тапаншаның көмегімен тоқтатты

0 9

Жамбылдық полицейлер табельдік қаруды қолданып, жасырынуға әрекет жасаған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол ережесін бұзған күдіктіні Тараз қаласының полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мирзоян көшесіндегі №5 үйдің жанында маневрлеу ережесін бұзғаны үшін облыс орталығының 38 жастағы тұрғын тізгіндеген «Тойота Камри-40» автокөлігі тоқтатылды. Алайда, жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, дауыс зорайтқышпен табельдік қаруды қолдану мүмкіндігі туралы ескертуді елемей, «Жігер» тұрғын үй массивіне қарай қашуға әрекет жасаған. Қошанов көшесіндегі үйлердің біріне тоқтаған соң, жүргізуші автокөліктен шығудан бас тартып, тағы да қашып кетуге талпынған. Салдарынан полиция қызметкерлері көлік құралын тоқтату мақсатында табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болды. Алғашқы ескерту оғы ауаға, қалғандары көлік дөңгелектеріне атылды»,-делінген ведомсво хабарламасында.

Одан соң көп ұзамай жүргізуші тұрғылықты жері бойынша қолға түскен. Куәландыру актісіне сәйкес, ол жеңіл дәрежеде алкогольдік мас күйінде болған.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1-бөлігі, 608-бабының 1-бөлігі және 613-бабының 1-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды. Қазіргі таңда көлік құралы арнайы тұраққа қойылып, фактіге қатысты тиісті сараптамалар тағайындалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.