Сарысу ауданында «Өнерлі қол – бақытқа жол» атты мекеме ішілік көрме бастау алды

0 15

Елбасы, ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 2019 – 2020 оқу жылында Сарысу аудандық Техникалық шығармалық орталығында «Өнерлі қол – бақытқа жол» атты мекеме ішілік көрме бастау алды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Басты мақсаты үйірме оқушыларының қызығушылығын арттыру, ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт – дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін шыңдау .

Қорытынды көрме наурыз айының 10 – 15 аралығында өтетіндіктен, оқушылардың оқу жылында жасаған шығармашылық жұмыстары іріктелініп, қойылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.