Таразда бірыңғай үлгідегі коттедждер салынуда

0
123

Тараз қаласындағы 555 жер телімінде жеке инвесторлар тарапынан несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлер бой көтереді. Қазір құрылыстарын жүргізу үшін жер телімдері белгіленген. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында қала әкімі Қайрат Досаев айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

-Оның 255-н соғу үшін 4 мердігер келісім шартқа тұрды. Қазіргі таңда 14 үйдің құрылысы аяқталып, 4 үйге әлеуетті сатып алушы анықталды. Бұдан бөлек, қосымша 26 үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы үйлерді сату мақсатында 2006 жылы жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға түсіндіру жұмыстары аяқталуда,- деді шаһар басшысы.

Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімін алуға 71 493 азамат кезекте тұр. Оларға жер телімдерін беру үшін Асқаров көшесінің соңында, «Хамукат», «Қарасай», «Құмшағал» және «Шалғай Қарасу» алқаптарындағы 932,6 гектар болатын 4 алқап дайындалуда. Алдағы уақытта 3752 кезекте тұрған азаматтар жер теліміне қол жеткізеді.

Бұдан бөлек, 2012 жылдан бері «Көлтоған» алқабының маңындағы 250 гектар алаңда бөлінген 1232 жер телімдерін түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдалану мерзімі өткен 127 жер учаскілері мемлекет меншігіне қайтарылды. Осы жерлер кезекте тұрған азаматтарға қайта берілетін болады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here