Жуалыдағы 7 ауылда «STREET WORKOUT» спорт алаңшалары орнатылды

0 3

Жуалы ауданына қарасты 7 ауылда «STREET WORKOUT» спорт алаңшалары орнатылған. Бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» өткен брифингте аудан әкімі Нарбай Ергебеков айтты, деп хабарлайды «Zhambylnews» AA

Ауданның 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаған аудан басшысы спорт саласына да тоқталды.
2019 жылдың 9 айында ауданда 277 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 49860 адам қатысқан.

-9 айдың қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 15790 адамды құрады немесе бұл жалпы халықтың 29,8%.
Кәріқорған, Нұрлыкент, Қарасаз, Қайрат, Көлбастау, Көлтоған және Қошқарата ауылдарында «Street Workout» спорт алаңшалары орнатылды,— деді аудан әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.