Ақпараттық үгіт-насихат тобы ЖД-154/4 мекемесінің қызметкерлерімен кездесті

0 4

Департамент жанынан құрылған ақпараттық үгіт-насихат тобы ЖД-154/4 мекемесінің қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесу барысында штаб жетекшісі Касымхан Тулендиев пен штаб мүшесі Ғабиден Исатай қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық принциптерін ұстанудың маңыздылығы туралы айтып өтті.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев: «Қатысушыларға жемқорлықтан ада өңір қалыптастыру мақсатында жемқорлыққа алып келуі мүмкін барлық тәуекелдердің алдын-алу керектігін және адал қызмет етіп, үлгілі қызметкер болу керек» деп атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.