Қырағы полицейлер қылмысты дер кезінде анықтады

0 1

Құқық бұзушылық деректерінің арасында полиция қызметкерлерінің жіті қадағалауы мен өз жұмысына деген жауаптылығының нәтижесінде оқиға орнында жедел ашылған қылмыстар санатының түрлері көп. Бұған жуырда орын алған бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі айқын мысал бола алады.
Ағымдағы жылдың 16 қаңтары күні таңертең Тараз қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция капитаны Бауыржан Қабылов пен Әли Түзелбаев облыс орталығының аумағын патрульдеу барысында автомобиль дискілерін әкеле жатқан ер адамды байқаған.

Іс-әрекеті күдікті көрінген 30 жастағы азаматты полиция қызметкерлері тоұтатып, жауапқа алады.
Оның жеке басын анықтау барысында ер адам алдымен вулканизацияға титан дискілерді апара жатқанын айтса, кейіннен тәртіп сақшыларына бөтен гараждан дискілерді ұрлағанын мойындаған. Осылайша полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен ұқыптылығы бөтен мүлікті ұрлаудың нақты дерегін ашуға көмектесті.

Қазіргі уақытта күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.