Жамбыл облысында парасаттылықтар штаб мүшелерімен кездесті

0 0

Департамент жанынан құрылған ақпараттық үгіт-насихат тобы «Парасат» колледжінің ұжымымен кездесті,   деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесу барысында штаб өкілдері Болат Бекжанов пен Дәмеш Өскінбаева білім беру процессі барысында студенттердің бойында адалдық, әділдік, парасаттылық принциптерін насихаттаудың маңыздылығын айтып өтті.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев қатысушыларға білім процессінде жемқорлыққа алып келуі мүмкін барлық тәуекелдердің алдын-алу керектігін және адал қызмет етіп, үлгілі ұстаз болуға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.