Мемлекетіміздің басты байлығы елдің татулығы — Бауыржан Байбек

0 8

Қадірлі ағайын! Мемлекетіміздің басты байлығы – елдің татулығы. Бейбіт елде ғана береке болады.

Шағын кикілжіңнен қандай жағдайдың орын алатынын кешегі Қордай оқиғасы көрсетіп отыр. Ерегістің соңы үлкен жанжалға ұласты. Адам шығыны болды. Олардың иманы саламат болсын. Біз осындай сәттерде ашуды ақылға жеңдіріп, сабырлық танытқанымыз жөн.⠀Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайда орын алған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты. Оларға тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Елде заң үстемдігінің сақталатынын қадап айтып, Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық ететін Үкімет комиссиясын құрды.⠀Қазақстанның тыныштығы, ең алдымен, ел иесі халқымызға керек. Заңға бағыну — барлық қазақстандықтардың міндеті. Құзырлы органдарға күш көрсетуге ешкімге жол берілмейді.

Ұлтаралық қарым-қатынас – өте нәзік дүние. Әп-сәтте бүлдіріп алу оңай. Егер елде татулық болмаса, ең алдымен зардап шегетін халық. Заңға жүгінген, татулық пен елдікті мұрат еткен Елбасы саясатын ұстанған елміз. Барлық мәселе заң аясында шешілуі тиіс. Баршамыз, ең алдымен, партияластар, осыған ұмтылуымыз керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.