«Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудандарда филиалы ашылмақ

0 0

Ішкі саясат басқармасымен оған қарасты бөлім басшылары мен «Жастар ресурстық орталығының» директорлары, аудандық әкімдік аппарат басшылары жиналған жиынның күн тәртібінде «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық офисінің филиалдарын ашу мәселесі қаралды ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев, кедергісіз орта жасауды ұйымдастыру қажеттілігін айтты. Тұрғындарға жайлы жағдай жасауға және қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін бірегей жоба аясында аудандарда «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе ашуды атап өтті.

Бұл орталық мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын, ең бастысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелеріне, азаматтардың мемлекеттік билік органдарына сенімін арттыруға бағытталған.

Сондай ақ «Адалдық дүкендерінің» жұмысын жандандырып, оның санын ғана емес, сапасын жоғарылатуды тапсырды.

Сондай-ақ ақпараттық үгіт-насихат штабын құру керектігі маңызды.Халыққа ыңғайлы ортаны қалыптастырып, шешімін таппай жатқан мәселелрдің шешілуіне барынша жол ашып, кез-кезген сұрақ жауапсыз қалмауы тиіс деп ойын қорытындылады Департамент басшысының бірінші орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.