Тараз қаласында  ЖД-158/7 мекемесінде құқықбұзушылық орын алды

0 12

Тараз қаласында  ЖД-158/7 мекемесінде құқықбұзушылық орын алды. Бұл жолы бұзақылар   А.Асқаров көшесі бойынан қапас қоршауын асырып,белгісіз затты ішкі күзет аумағына лақтырған  ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Артынша күдікті жасыл түстес мемлекеттік нөмірі бар «BMW» автокөлігімен ізін суытуға әрекеттенген. Қылмыстық дерек ЖД-158/7 мекемесінің жедел бөлімі мен «Боран 23» патрульдік экипаж полицейлерімен бірлескен арнайы операция барысында әшкере болды.

Жедел тінтіп-іздестіру шараларын ұйымдастыру барысында абақтының №2 аумақ 3-нысан жанынан бөгде зат тәркіленді. Оқиға орнына Тараз қалалық 1 полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы шақырылып, полителен орамды ашу кезінде арнайы иісті жасыл түсті кепкен өсімдік, бар екендігі анықталған. Арнайы 14.02.2020 жылғы №51 сот-медициналық сараптама көрсеткендей күмәнді зат есірткі өнімі, яғни 101,26 грамм салмақта  «кептірілген марихуанна» болып шықты. Ал қылмысқа барған Тараз қаласының тұрғыны 29 жасар Ж.Ұ.М есімді азамат қашуға әрекеттенгендігіне қарамастан қамауға алынып, уақытша ұстаз изоляторына тоғытылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі  талдап-тергеу амалдары жүргізілуде.

Осындай жағымсыз жәйттердің орын алуына қарамастан, сотталғандардың жақындары заңға томпақ келер әрекеттерге баруын қояр емес. Бұл тұрғыда ЖД-158/7 мекемесінің әкімшілігі қатаң ескертеді. Арандатушылардың арбауына түсіп, темір тордың ар жағынан бірақ шығуыңыз бек мүмкін. Әлбетте қылмысқа итермелеген жазасын өтеуші де қатаң жазаланбақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.