Саудакент ауылдық балалар саз мектебінде «Абай – дана қазақта» атты тәрбие сағаты өтті

0 2

Саудакент ауылдық балалар саз мектебінде халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай – дана қазақта» атты тәрбие сағаты өтті ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталмыш тәрбие сағатында мектеп мұғалімі Келбет Оңдасынқызы кемеңгер ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына тоқтала келе, ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, білімге деген құштарлығын арттыру басты міндет екенін айтып өтті.

Сонымен қатар, оқушыларға Абайдың жан-жақты екенін, классик, аудармашы, дана, ағартушы, философ қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы екенін түсіндірді. Мектеп оқушылары «Қыс», «Жазғытұры», «Күз», «Жаз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай», «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңдерін жатқа айтты. Видеоролик арқылы 32-ші қара сөзі тыңдап, ақынның орыс әдебиетіндегі И.А.Крыловтың аударған «Қарға мен түлкі» мысалын интерактивті тақтадан мульт-фильм жанрында тамашалады.

Сондай-ақ, тәрбие сағатында «Абай дана – қазақта» атты тақырыпта кітапханашы Құралай Тиынбаеваның кітап көрмесі көрсетіліп, библиографиялық шолу жасалды. Тәрбие сағат соңында ақынның «Айттым сәлем Қаламқас» әнін қыл қобыз аспабында Ұлжан Қабыл тамылжыта орындады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.