Сарысу ауданында « Алғыс айту күні» мерекесіне орай мерекелік кеш өтті

0 11

1 наурыз күні Сарысу ауданында Жайылма ауылдық мәдениет үйінде, көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күні» мерекесіне орай, «Алғысым шексіз» атты тақырыбында мерекелік кеш өтті ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кеш, Әйтеке би атындағы мектеп оқушысы Жағыппар Нұрсұлудың орындауындағы «Мерекем» әнімен ашылды. Мерекелік кеште Жайылма ауылдық округінің әкімі Смағұлов Жандарбек Бекболатұлы мен Жайылма ауылдық округінен сайланған аудандық маслихат депутаты Дондаұлы Болатбек халықты мерекесімен құттықтап, алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ сөз, Сарысу ауданының бас имамы Қонақбаев Ғалымжан мен ауылдық ардегерлер кеңесінің төрағасы Сатқынтегі Серікбек ағамызға халықты құттықтап, алғыстарын білдірді.
Кеште, мектеп оқушылары Дүйсенбекова Қарақат «Аяулы ана», Өмірзақ Диана «Бұл ән бұрынғыдан өзгерек», Байдүйсен Назым «Қазағым» әндерін жанды дауыста орындап, халықтың қошеметіне бөленді.

Көктемнің алғашқы күні ауылымызда жақсы бастамалармен басталуда.
Олай демеуіміздің себебі, «Ысқақ Пірәдар» мешітінің ұйымдастыруымен «50 мың кімге бұйырады» атты діни сұрақ — жауап ойынымен мерекелік кешіміз жалғасын тапты.
Ойында Қазақстан Мұсылман Діни басқармасының бекіткен кітәптарынан сұрақтар қойылды. Ойынға, қатысқан көптеген ауыл тұрғындары сұрақтарға жауап беріп — бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар ата – ана Мамасейтова Ғазиза 100 000 тенге, Қуанышбекова Шолпан 100 000 теңгеден иеленсе, 6 сынып оқушысы Нарбота Балауса 50 тенге және 3 оқушы бала — әр қайсысы 10 000 теңгеден ақшалай сыйлық ұтып алды.
Түстен кейін «Ысқақ Пірәдар» мешітінде, аудандық мешіттің өкілдерінің қатысуымен Нүсіпбек Бауыржан ұстаздан дәріс алған — 20 шәкіртінен емтихан алынды. Емтиханға дұрыс жауап берген — Бейсенбек Оралхан бірінші, Нәшентай Нұрай екінші, Берік Нұрислам үшінші, Жақыппар Нұрсұлу төртінші, Жақыппар Сәбина бесінші орындарды иеленіп ақшалай сыйлықтарға және қалған қатысушылар ынталандыру заттай сыйлықтарымен марапатталды.
Осы ойынды ұйымдастырған «Ысқақ Пірәдар» мешітінің найб имамы, әрі ұстаз Нүсіпбек Бауыржан және демеушілік жасаған ауылымыздың тумасы, Шымкенттік кәсіпкер Сүйінбаев Естай Төлеутайұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.