Сарысу ауданында «Бала тәрбиесіндегі басты ұстаз-ата-ана» тақырыбында ашық есік күні өтті

0 12

Сарысу ауданында білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 29 ақпан күні Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының базасында психологиялық кеңес беру айлығының қорытындысы бойынша «Бала тәрбиесіндегі басты ұстаз-ата-ана» тақырыбында ашық есік күні өтті ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ашық есік күніне директордың тәрбие,құқық жөніндегі орынбасарлары,әлеуметтік педагог,педагог-психологтар мен ата-аналар,қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.

Ашық есік күнінде қатысушылармен психологиялық тренинг,дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар,психологиялық ашық алаңда қатысушылар тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.