Тұрар Рысқұлов ауданында білім және құқық қорғау қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті 

0 3

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Т.Рысқұлов ауданы білім мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық әрекеттер мен оның алдын алуға бағытталған жұмыстардың жүргізілу барысы туралы» білім және құқық қорғау қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кеңесті аудан әкімі Е.Садырқұлов жүргізіп, аудандық мәслихат хатшысы Т.Жаманбаев, аудандық ардагерлер ұйымы төрағасы Қ.Бижанов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы П.Сүлейменов және бөлім,мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңесте білім бөлімі басшысы міндетін атқарушы Б.Самылтыров пен аудандық полиция бөлімі басшысы Қ.Қапаровтың есебі тыңдалып, өткен жыл қорытындыланды, кемшіліктерді жою жолдары нақтыланып, 2020 жылы атқаратын жұмыс мазмұны талқыланды. Кемшілікке жол берген білім мекемелері сынға алынды.

Кеңесте қоғамдық кеңес тарапынан алдағы уақытта тегін ыстық тамақпен қамту, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі қаралатыны ескертілді. Барлық шараға аудандық мәслихат депутаттары мен ардагерлер де қатысатыны айтылды.

Кеңесті қорытындылаған аудан әкімі Е.Садырқұлов білім бөлімі мен полиция бөлімі басшыларына,мектеп директорлары мен меңгерушілеріне нақты тапсырмалар беріп , жауапкершілік жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.