Сарысу ауданында «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылды 

0 7

Сарысу ауданы әкімі аппаратының әдеп уәкілі және аудан әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және туризм бөлімі Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, аудандағы мемлекеттік қызметшілер арасында «Абай оқулары» байқауын ұйымдастырды ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Байқауда қатысушыларға әділ бағасын беріп, сын таразыдан өткізген қазылар алқасы: Аудан әкімі аппарат басшысы — Ж.Сақыпбеков, аудан әкімі аппаратының әдеп уәкілі — Н.Кенешбаева, мәдениет бөлім басшысы — М.Есмұрзаев, аудандық «Сарысу» газетінің бас редакторы — Ж.Өзбеков, аудандық мәдениет үйінің режиссері — Р.Бердісүгірова болды.

Байқауға 11 қатысушы бағын сынап, 1 орынды — аудан әкімінің экономика бөлімінің бас маманы — Ы. Сидахмет, 2 орынды — Игілік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы — Ғ.Телібайқызы, 3 орынды — Досбол ауылдық округі әкімі аппарататының бас маманы — А.Жаппарұлы иеленді. Қатысушылар Абай атамыздың өлеңдерін оқып, сұрақтарға жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.