975 200 теңге бюджетке қайтарылды

0 7

«Anticor» орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Қ.Қ.Ақмырзаевтың және Жамбыл облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Е.Күлкеевтың қатысуымен баспасөз брифингі өткізіліп, онда мал шаруашылығын субсидиялау бағытындағы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындысы сөз болды ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Департаменттің бас маманы Қ. Қ.Ақмырзаев хабарлағандай: Облыс әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығын субсидиялау бағытындағы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында, субсидия алған шаруашылық субъектілерінің өз өтінімдерінде дұрыс емес, яғни шындыққа жанаспайтын мәліметтерді көрсеткендігі анықталды.

Бүгінгі күні, орын алған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою мақсатында Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау Қағидасының жаңа жобасы жасалып, оған субсидиялаудың ақпараттық жүйесін, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасымен интеграциялай отырып, автоматты түрде салыстырып тексеруді жүзеге асыру талаптары қосылды.

Сонымен қатар, шаруа қожалықтары 975 200 теңгені құрайтын субсидияға төленген қаражатты бюджетке кері қайтарды және бұл бағытта жұмыс жүргізіле бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.