Жамбыл ауданының әкімі 8 наурыз мерекесімен 109 жасқа келген Гүлбарам Сүгірова әжемізді құттықтады

0 1

Әлемдегі әсемдік пен сұлулық әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алған дейді халық даналығы.Бұл дүниедегі бар жақсылық әйелдерден бастау алады. Бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесік теркен әйел-аналар. Көктемнің алғашқы мерекесі ананың аялы алақанындай жүректерге жылулық ұялатады. Адамзаттың нәзік жандарына арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келіп отыр.

Осы мереке қарсаңында аудан әкімі Сәкен Арубаев 109 жасқа келген Гүлбарам Сүгірова әжемізді құттықтап,арнайы сыйлық табыс етті ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қарт ана немере, шөбере, шөпшек тіпті неменеде сүйген. Қандай бақыт! Арнайы мерекемен құттықтауға аудан әкімі мен бірге Аса ауылдық округ әкімі және ішкі саясат бөлім басшы да қатысты.

Анамыздың көзі шырақтай газетті де оқиды. Әлі күнге дейін немере, шөберелеріне бар білгенін айтып, тәрбиелік мәні зор ертегініде айтып береді екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.