Мойынқұм ауданының әкімі 8 наурыз мерекесімен көп балалы аналарды құттықтады

0 84

Мойынқұм  әкімдігінің ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімі   Мәден Мұсаев 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай көп балалы аналарды қабылдады ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Көктемнің алғашқы күнімен таласа келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Сіздерді отбасылық құндылықтарды сақтауға, балаларды тәрбиелеуге бағытталған өмірмен көпшілікке үлгі бола білген көп балалы аналарды құттықтап, тілек лебізімді білдіру үшін жинадық. Біз сіздердің аналық жауапкершіліктеріңізді және демографиялық жағдай ғана емес, елдің келешегін де жақсартатынын білеміз. Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық тілеймін,— деп аудан басшысы Мәден Тоқтарбайұлы жиналған көп балалы аналарға арнайы сыйлықтар, құттықтау хат пен гүл шоқтарын сыйлады.

Сондай-ақ ҚР Президентінің Жарлығымен берілген «Күміс алқа» орденін Алтынкүл Әбілдаеваға табыстап, деніне саулық тіледі. Кездесуге қатысқандар апайлар мен қыз келіншектер атынан Қылышбай ауылдық округінен келген Қаншайым Сыздықова апамыз бен Мирный ауылдық округінен келген Тиішкүл Тайшиевалар сөз алып, өздеріне көрсетілген құрмет үшін аудан әкімі Мәден Мұсаевқа алғыстарын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.