Сарысу ауданы бойынша 4375 тал егілді

0 0

Сарысулықтар бүгін таңсәріден тазалық жұмыстарын жасап, тал дарақ екті.  Аудан бойынша 685-тен аса адам жұмылдырылып, 25 аумақта барлығы  4 гектар жерге, 4375-тен аса тал отырғызды  ,  — деп хабарлайды  «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Барша жұртты  жұ­мылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жараты­лысқа деген ықыласын оятып, адам бала­сының табиғатпен үйлесімді түрде дамиты­нын ұғындыру парыз.
Егілген ағаштың, өскен өсімдіктің әуе алабына тигізер пайдасы зор. Жасыл желектің әсерінен ауа тазарып, қолайлы микроклимат қалыптасады.
Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесімізді тигізу үшін сенбіліктер өткізіп, ауламыздың, қаламыздың, ауылымыздың аумағын тазартып, абаттандырып, жасыл желектер отырғызып, шырайын әрлендіре түсуіміз керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.