Тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарының тізіміне пошта бөлімшелері де енді

0 0

Құрметті достар!

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы әкімдіктермен келісім бойынша тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарының тізіміне пошта бөлімшелері де енді. Сондықтан, біз өз жұмысымызды жалғастырамыз.

30 наурыздан бастап карантин жойылғанға дейін, осы екі қаланың тұрғындарына пошта қызметтерін дүйсенбі – жұма аралығында сағат 10-00-ден 16-00-ге дейін ұсынамыз.
Сенбі, жексенбі — демалыс күндері.
EMS курьерлік қызметінің жұмысы әдеттегідей жалғасады.

Біз Ұлттық банкі мен Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 88 және № 169 бұйрығына сәйкес қаржылық қызмет көрсетуді тоқтаттық. Зейнеткерлердің зейнетақыларын төлем карталарына аударып, үйлеріне апарып береміз.
Қалған барлық аймақтардағы филиалдар тұрақты режимде жұмыс істейді және барлық қызметтерді, соның ішінде қаржылық қызметтерді де, бұрынғыдай ұсынатын болады.
20:00, 22:00, 21:00 сағатқа дейін жұмыс істейтін сәлемдемелер супермаркеттері мен бөлімшелердің жұмыс уақыты 19.00-ге дейін қысқартылады.

Біз клиенттеріміз үшін қызмет көрсету процессінің қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге тырысамыз. Бұл шешім елдегі эпидемиологиялық жағдайға және жаңа коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты. Барлық бөлімшелерімізде санитарлық шаралар күшейтілді, қызметкерлер дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілді.
Клиенттерімізден пошта бөлімшелеріне маскасыз келмеуді өтінеміз.

Біздің пошта және қаржылық қызметтеріміздің барлығы порталда және post.kz қосымшасында онлайн режимде қол жетімді екенін тағыда естеріңізге саламын.
Біздің қосымшаны Android және iOs платформаларында мына сілтемелер арқылы жүктеуге болады:
https://is.gd/kVcaeD
https://is.gd/fWtPd4

Қазпошта АҚ Басқарма төрағасы Сакен Сарсенов

Leave A Reply

Your email address will not be published.