Сарысу ауданының балабақшаларында бетперделер тігілуде

0 7

Сарысу ауданында балабақшаларда бетперде тігіліп, балалар денсаулығы басты назарға алынуда , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Санитарлық нормаларды сақтамау балалардың науқастануына және ауру жұқтыруына әкеліп соқтаратыны бесенеден белгілі.
Десек бүгінгі таңда ата-аналардың жұмысбастылығына байланысты бала уақытының көбін балабақшаларда өткізеді. Қазіргі таңда орын алып жатқан төтенше жағдайларға қатысты ауданымыздағы балабақшаларды аудан әкімі Қанатбек Мәдібек аралап шықты.
Аралау сәтінде балабақшадағы ахуалдың тұрақтылығына, қауіпсіздік пен сақтық шараларының қолға алынып жатқанына көз жеткізді. Тәрбиешілер мен жолығып, бүлдіршіндердің тамақтану, ас ішу, ойнайтын орындарындағы тазалық пен қолайлық та назарынан тыс қалмады.
Қаламыздағы Дегерес елдімекенінде орналасқан «Болашақ» балабақшасына кіргеннен меңгеруші Сейне Ахметова бүлдіршіндер қауіпсіздігі үшін жасалынып жатқан сақтық шараларымен таныстырып шықты. 280 орындыққа арналған балабақшада қазір 120 дан астам ғана бала бар екен. Қалған бүлдіршіндер індеттің алдын алу мақсатында ата-аналарының өтініштерімен демалысқа шығыпты.
Қол жуатын сабын судан бастап, аяққа киетін, қолды сүртететін басқа да медициналық заттар балабақша ішінде тұр. Ең айта кетерлігі ұжым болып ақылдасып, балалар мен ұжымға балабақша ішінде бетперделер тігуі. Тіпті сырттан келген бетпердесіз ата-аналарға да тегін таратуы нағыз адамгершілік пен жауапкершілікті білдіреді. Қазірдің өзінде 200-ден астам бетперде артығымен тігілуде. Жалпыхалықты толғандырып жатқан індеттің алдын алу парызымыз. Уақытша ғана қиындықты бірігіп еңсеруіміз қажет деген меңгерушінің сөзін тігінші Жансұлу Смайлова да іліп әкетіп: -Әрине,Алла сақтасын, халыққа көмегіміз керек болып жатса, жоқ деп алақан жаймай, көпке көмектесу ниетінің барлығын айтты.
Балабақшадағы балалар ештеңеден қамсыз емін-еркін ойнап күлуде. Балабақша іші әсем безендіріліп, балалар бөлмелері кең әрі барлық мүмкіндіктері жасалған.
Осындай игі істі жалғастырып жатқан басқа да балабақшаларға ат басын бұрдық.
Жалпы Сарысу ауданында жылдан-жылға бала саны өсіп, демографиялық ахуал жақсаруда. Осының нәтижесінде ауданымызда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер шағын орталықтар ашуда. 2016 жылы қажеттіліктен ашылған «Сайн» балабақшасында 110-нан астам бала тәрбиеленуде.
Бүгінде ата-аналардың өтінішімен жартысына жуығы демалысқа шыққан. Ал қалған балалардың қауіпсіздігіне алаңдаған шағын орталық директоры Раушан Басиеқызы Абдрахманова осындай Бүркітті елдімекеніндегі «Еңлік» шағын орталығының да басшысы. Екі бірдей шағын орталықты басқарып, 200 ге тарта бала тәрбиелеп отырған Раушан Басиеқызы орын алып жатқан оқиғаға назар аудармай отыра алмағандығын айтып, өздері барлық балалар мен ұжымға екі реттен ауыстыратын бетпеределер дайындап жатқандықтарын айтты.
Сонымен қатар өзі секілді әйел-қыздарды жоқ деп алақан жаймай, кем дегенде өз отбасыларының амандығы үшін, бетперделер тігіп, жаман айтпай жақсы жоқ демекші індеттің алдын алуға сақадай сай отыруылары керек,-қой деген ойын да білдірді.
Балабақшалардағы ахуал тұрақты. Сақтық шаралары мен қауіпсіздік басты назарда. Аудан басшысы барлық балалар зардап шекпеу керектігін айтып, ауданымыздағы басқа да әлеуметтік нысандарды аралау жұмыстарын жалғастырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.