ТАРАЗДЫҚ ЗИЯТКЕР АЯУЛЫМ АДИЛОВА: «БАНАН МЕН АПЕЛЬСИН ҚАЛДЫҒЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АГРАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУГЕ БОЛАДЫ

0 14

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Аяулым Адилова банан мен апельсин қалдығынан ауыл шаруашылығына қажетті органикалық тыңайтқыш өндіруді ұсынуда , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Күнделікті тұрмыста пайда болатын қалдықтарды, соның ішінде банан мен апельсинді тыңайтқыш ретінде қолдану арқылы бірқатар аграрлық мәселелерді шешуге болады. Қазір көбіне өсімдік шаруашылығында адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зияынды химиялық заттар қолданылады. Оған балама ретінде биологиялық тыңайтқыш – банан мен апельсин қалдығын қолдануды ұсынамын. Зерттеу жұмысымның барысында түрлі тәжірбиелер жасап, оң нәтижелерге қол жеткіздім, – дейді Аяулым.

Жас зерттеуші химия пәнінің мұғалімі Эльмира Акимованың жетекшілігімен тәжірибелер жасап, аталған органикалық қалдықтардың пайдалы элементтерге бай екендігін және шаруашылықтағы тиімділігін анықтаған.

Аяулым сәуірде өтетін «Химик-зерттеуші» ІII Халықаралық Үздік ғылыми жоба сайысына шақырту алған. Еліміз пандемияны еңсеріп, карантин аяқталса, міндетті түрде жарысқа қатысамыз деп отырмыз. Қазір оқушым екеуміз күнделікті Skype арқылы кездесіп, жобаны дамыту үстіндеміз, – деп бөлісті ұстазы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.