Сарысудағы тігін цехтары бетперде тігуді бастады

0 5

Сарысудағы тігін цехтары бетперде тігуді бастады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Вирустан қорғану құралының бірі — бетперде. Тұрғындар дәріханалардан таппағанын айтуда. Тапшылықты жою мақсатында Сарысу ауданы әкімдігі кейбір цехтарды шикізатпен қамтамасыз етіп, арнайы тапсырыс беруде.
Бастапқы күндері тігілген екі мыңнан аса бетпердені халыққа қызмет ететін, халық көп баратын халыққа қызмет көрсету орталығы, халық банкі, жұмыспен қамту орталығы, пошта секілді мекеме кәсіпорын жұмысшы қызметкерлеріне таратты.
Бүгінде мұны көрген ауданымыздағы еріктілер мен белсенділер де бетперде тігу жұмыстарына белсене атсалысуда. Кейбір отбасылар өз аттарынан бетпердені қажет етуші отбасыларға тегін тігіп, таратуда.
Аудандық мәдениет үйінің «Кооворкинг» орталығына жиналған ерікті бетперде тігушілердің бірі ең жас ерікті Ұлмекен Алмабай осы төтенше жағдай басталғалы елге пайдамыз тисе деп ойладық. Отбасының ұйғарымымен Алмабаевтар әулеті атынан қайырымдылық есебінде күнделікті бетперделер тігіп, таратудамыз. Үш күннің өзінде 400 ден аса бетперде тігіп, тарату үстіндеміз,-дейді.
Сонымен қатар өзге де тігін цехтары бетперде тігу ісіне құлшына кірісуде.
Дәкеден 1 тігінші тәулігіне 50 дана маска тігеді. Ал мақта өнімінен күніне 100 медициналық бетперде дайындалып жатыр.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әкімшілік тарпынан бөлінген матаның әр 1000 метрінен 2600 дана медициналық маска дайындаймыз. Өндіріс орындары мен кәсіпорындар және тұрғындар тапарынан тапсырыс келіп жатыр.
Медициналық бетперде дәкемен қатар мақта-матадан тігіліп жатыр. Бұл маскаларды жуып, үтіктеп, қайта қолдануға болады «Барлық қызметкерлерге бетперде кию міндеттелгендіктен, тапсырыс берушілер саны көп» дейді тігіншілер.
Тұрғындарды медициналық маскамен қамтамасыз ету үшін тігіншілер қажет. Осы мақсатта үй шаруасындағы қыз — келіншектерді шеберханаға шақырамыз. Бетперде тігу үшін қажетті мамандардың да тапшылығы білінеді.
Айта кетейік, бұл бастама өңірдегі бетперде тапшылығы мәселесін шешуга бағытталған. Сондықтан бүгінде Сарысу ауданында бетпердеге қатысты ешқандай мәселе жоқ. Жеткілікті тұрғыда аудандықтар өз-өздерін қамтымақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.