Сарысу ауданында штаб отырысы өтті

0 0

Қытай елінен шыққан қауіпті індетке қарсы жұмыстар пысықталып, аудан әкімі Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен штаб отырысы өтті  ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Штаб отырысында төраға әлемді дүрліктірген короновирустың алдын алу жұмыстардың күшейтілгенін атап өтті. Сондай-ақ, мекеме-кәсіпорын басшыларына жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.
Шешуін кейінге қалдырмауды талап ететін негізгі мәселелер ортаға салынып, короновирус инфекциясының тарауына жол бермеу шараларының кешенді жұмыс жоспары бекітілді.

Атап айтар болсақ бүгіннен соң аудандағы тойханалар мен далада орналасқан спорт алаңқайлары да жұмысын тоқтатады. Тек кафелерде ғана түскі және кешкі тамақ ішуге ғана рұқсат беріледі.
Білім ошақтарынан колледждер арақашықтықтан сабақ өту тәсіліне көшкен. Енді мектептердегі онлайн түрінде дәріс өткізуге оқушыларды дайындау жұмыстары жүргізіледі.
Өзге қалалардан келген білімгерлер тізімі жасақталып, аурухана тарапынан бақылауда.
Халыққа түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіледі. Егерде бір отбасынан қаза орын алған жағдайда жаназасына 50 ден артық адам жиналмау, көріскен кезде де бетперде тағу туралы қатаң талаптар бас имамға тапсырылды.
Ауданда ешқандай теміржол қызметі жұмыс атқармауда. Поезд жұмысын тоқтатқандықтан арнайы белгілер қоюды қажет епейді.

Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті барлық медициналық дәрі-дәрмектер мен керек-жарақтар, арнайы киімдер де жеткілікті. Аудан бойынша 100 литр диохлор, 20 литр антисептик келгендігі.Алдағы уақытта қажетті жабдықтармен толықтырылмақшы екендігі де осы штаб отырысында кеңінен қозғалды.

Өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау және алдын-алу шараларын күшейту бойынша құрылған жұмыс тобының отырысы жүйелі түрде өткізілетін болып келісілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.