Жұмысымыз қарқын алатын болады

0 1

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәлімдемесін мұқият тыңдадым. Онда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алып отыр. Әсіресе, ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де алдағы уақытта көп көмегі тиесін болды. Бұл салаға бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінбек. Тағы бір қуанатынымыз, көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлінбек, жанармайдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендетпек.

Осыдан кейін дала қосында баяу атқарылып жатқан диқан-механизаторлардың тірлігі қарқын алатынына сенемін.
Бүкіл шаруа адамдарының атынан Президентімізге алғыс айтқым келеді.

Нұритдин Бегманов,
«Қызылдиқан» өндірістік кооперативінің төрағасы, Жамбыл аудандық мәслихаттың депутаты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.