Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының төтенше жағдай кезінде атқарып жатқан жұмыстары

0 41

Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты 16 наурыздан бастап Жамбыл облысында бірқатар мәдени іс-шаралар тоқтатылды. Қоғамдық шаралардың тоқтатылуына байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты облыстық филаромония, кітапханалар, музейлер, кино орталығы, архивтер қашықтықтан онлайн жұмыс режиміне көшті. Осыған орай, өткізілуі тиіс мәдени-тынығу шаралары әлеуметтік желілер арқылы онлайн форматта көрсетіліп, мекемелерде жасалынып жатқан дезинфекция жұмыстары жарияланды.

Жалпы алғанда, бүгінгі күнге дейін әлеуметтік желіде коронавирустан сақтану шараларына қатысты 70 ақпарат, 15 хабарландыру, 65 қызықты мәлімет, 19 кітап презентациясы, 18 әдеби оқу, виртуалды музей 3515 қаралыммен, онлайн экскурсиялар, виртуалды визит 2500 қаралым, 441 репост, 80 видеоқұттықтау, 73 ролик, фотосурет, слайдтар салынды.

Жамбыл облыстық филармониясы  «Бір әннің тарихы», «Бір күйдің тарихы», «Бірге билейік!», «Менің репертуарымдағы бір ән», «Бірге акробатикалық жаттығулар жасайық!» челлендждерін бастап,  «Өз елім», «Келіндер келбеті» конкурстарын ұйымдастырды. Бірқатар әншілердің жеке концерттері (Ә.Әбдікерімов, О.Азаматова, М.Сағынбекова, Г.Тинасилова, Ж.Омаров, т.б.) «ютуб» каналдарына тіркелді.

29-31 наурыз аралығында қазақтың ұлттық әуендерін халық арасында кеңінен насихаттау үшін облыстық филармонияның Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің шығармалары «Қазақ радиосында» орындалды.

«Біз біргеміз» акциясы аясында қазақ ұлт аспаптар оркестрі Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» және А.Малдыбаевтың «Көне Тараз» күйлерін,  «Кәусар» вокалдық ансамблінің әншілері А.Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін, белгілі ақын Ү.Битенованың сұранысы бойынша «Жеңеміз!» өлеңін филармонияның әкімшілік қызметкерлері, шығармашылық ұжым жетекшілері орындап, елдегі болып жатқан төтенше жағдайларға басу айтып, әлеуметтік желілер арқылы халықты бірлікте болуға шақырды.

Сонымен қатар, әншілердің репертуарлары музыкалық сайттарға насихатталып, концерттік бағдарламалары ютуб каналдарына жүктелді. Көрерменсіз, қашықтықтан онлайн телевизиялық форматта концерт  (Ж.Омаров), «Түскі тайм», «Кешкі позитив» бағдарламасында филармония әншілерінің ән-шашуы, барлық шығармашылық ұжымдар әртістері, әншілері, бишілерінің үй режимінде шығармашылық жұмысы, дайындық нәтижесін жетекшінің онлайн қабылдау жұмыстары ұйымдастырылған.

А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры «Сыған серенадасы» сазды драмасын, А.Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Желсіз түнде жарық ай» сахналық қойылымын, «Отелло» трагедиясын,сондай-ақ, «Наурыз айы келгенде», Е.Әбдрешовтің «Алтын мүйізді киік» ертегі қойылымын әлеуметтік желілерде жариялады. Қазіргі таңда «Театр таланттарды іздейді» көркемсөз оқу шеберлері және «Зере апаның ертегілері» байқауларын өткізуде.

Облыстық орыс драма театрыГ.Фигейредоның «Дон Жуан», Н.Гогольдың «Ревизор», Д.Фонвизиннің «Недоросль» комедияларын, С.Раев, Н.Абдыкадырованың «Найман ана» драмасы, Ш.Айтматовтың «Пегий пес, бегущий краем моря», Р.Харвудтың «Костюмер» драмаларын көрермен назарына ұсынды. #мынетеряемвремя# хештегіне қолдау көрсету мақсатында «Артисты дома!» тақырыбында рубрика ашылып, бірнеше видео роликтер жүктелінді.  Үйде бос уақытты қалай тиімді пайдалануға болады және жақындарыңмен бірге тамаша уақыт өткізу бойынша театр директоры  А. Тәжиев және театр әртістері  Тимур Романюк , Самат Маханбетовтер бірнеше видео ролик әзірлеп, жүктеді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында әлеуметтік желілерде  «45 мудрых изречений Великого Абая» атты видео жүктелді,  ақынның қара сөздерін ҚР Мәдениет саласының үздігі, әртісі Надежда Антимонова және театр әкімшісі  Надежда Волкова оқып 15000-ға жуық қаралым жинады.

Жамбыл облыстық кино орталығы COVID – 19 коронавирус пандемия инфекциясының алдын алу бойынша 5 видеоролик түсірді. Видеороликтердің негізгі мағынасы – «тәж» ауруы туралы маңызды мағлұмат беру, сақтану мен таралуының алдын алу  жолдары түсіндіру.

17 наурыздан бастап облыстық 3 кітапхана: Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы, Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мен көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханалары «ОНЛАЙН КІТАПХАНА» жүйесіне көшті. Қазіргі таңда, онлайн кітапханамен қатар әлеуметтік желілерде кітапхана тарапынан түрлі байқаулар ұйымдастырылуда.

Атап айтар болсақ, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының Facebook, Instagram парақшаларында «Ұлт өнерінің мақтанышы» онлайн әзіл әңгімелерді, «Абай жолы ұлы туынды» атты ұлы ақын туралы зиялы, белгілі тұлғалардың жазған пікірлерін, «Абай жолы» жайлы «Абай жүрген ізбенен…» онлайн Абай оқуларын, Әбу Насыр Әл-Фарабидің трактааттарын оқыған роликтерді және ойшылдың 7 томдығына  виртуалды көрме сынды материалдары жарияланды.

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы әлеуметтік желілер арқылы мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға аудио форматта кітаптар ұсынуда. Сондай-ақ, ашық онлайн шаралар ұйымдастыру мақсатында «Оқырман алаңы» жобасы ұйымдастырылды. Кітапхана тарапынан көру қабілеті нашар адамдарға арналған бірінші халықаралық «Логос» интернет кітапханасын қолдануға мүмкіндік жасалынды.

Облыстық халық шығармашылығы орталығы мерекелік күнтізбелерде әлеуметтік желі арқылы бұқараға бағытталған түрлі құттықтау видеороликтер жариялап, өзге де онлайн шаралар өткізуде. Атап айтқанда, ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекелеріне, 1 сәуір Күлкі күнінің қарсаңында бірқатар видеоқұттықтаулар мен видеороликтер, челлендждер жарияланды. Өңірден шыққан талантты айтыс ақындарының арасында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толуына орай онлайн форматта АЙТЫС өткізілуде. Жыр жарысын көрермен қауым ютуб желісінен және мекеменің әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан тамашалауға мүмкіндік алды.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейін 3D виртуалды форматта тамашалауға болады. Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі парақшаларында музей экспозициясынан орын алған жәдігерлер туралы түсірілген видеороликтер жүктелген.

Жамбыл облыстық мемлекеттік архиві мен Тараз қаласының архиві қазіргі таңда онлайн режимде жұмыс жасауда. Әлеуметтік желілерде архивтік анықтаманы қалай алу керектігінің жолдары көрсетіліп, видеоролик форматында жүктелген. Қалалық архив қызметкерлері қашықтықта жұмыс істеу жүйесі бойынша ведомствалық мекемелердегі архивке жауапты мамандарға әдістемелік көмек көрсетті. Облыстық архивтың бастамасымен Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттама жариялау бөлімі қызметкерлерінің Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылған жамбылдық 8 майдангер туралы ақпаратымен бөлісті.

Жағдайы төмен 15 отбасына басқарма басшысынан  бастап, мекеме басшылары азық- түлікпен (ұн, май,  шай, қант, күріш, жеміс-жидектермен) 300,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетті. Сондай-ақ, Бектөбе ауылының тұрғыны, облыстық филармонияның «Менің репертуарымдағы бір ән» челленджіне қатысып, өнер көрсеткен, өнер ұжымының тұрақты көрермені болып жүрген 1936 жылдың 15 қазанында туылған, I топтағы мүгедек жан Казима Алпамысоваға аталған ұжымның кәсіподақ ұйымы қажетті азық-түлікпен көмек көрсетті.

«Тегін тарату» акциясы бойынша Жамбыл облысы мәдениет саласы мекемелері (облыстық қазақ және орыс драма театрлары, кітапхана ұжымдары, аудандық мәдениет ошақтары) тарапынан бүгінгі таңда 5800-ге жуық маска тігіліп, жағдайы төмен отбасыларына, мәдениет саласының еңбек ардагерлеріне таратылды.           Коронавирусты алдын алу бағытында басқармаға қарасты мекеме қызметкерлеріне ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті жолдаған ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 4-наурыздағы №12-ПГВр «Коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» қаулысын жұмыста пайдалану, алдын алу жұмыстарын күшейту (16 наурыз, 6 сәуір аралығы), ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Пандемия кезіндегі коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» бұйрығы жан-жақты таныстырылды.

          Барлық мекемелерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, арнайы құралдармен қамтамасыз етілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.