Биыл Сарысудағы қос ауылға таза ауыз су беріледі

0 2

Биылғы жылы ауданның қос ауылы таза сумен қамтылатын болады. Жаңталап ауылындағы 104 және Ұйым аулындағы 133 абонентке «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында су құбыры тартылып, ауыл тұрғындарының ауыз су бойынша мәселелері толық шешілмекші,- деп хабарлайды  «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Ауыз су жүйесінің жаңарту жұмыстары биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Облыс басшысының халықтың үніне құлақ асып, Жамбыл облысының Даму жоспарына енгізілгенін естіген ел қуанып, Жамбыл облысының әкімі-Бердібек Сапарбаевқа алғыстарын білдіруде.
Жалпы қазіргі таңда Сарысу ауданындағы 25 ауылдың 15-і ауыз сумен қамтылған. Келесі жылы ауыз су мәселесі түбегейлі шешілетін болады-дейді жергілікті билік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.