Сарысу ауданы Жаңатас қаласында биыл 11 көше жөнделеді

0 2

Сарысу ауданы Жаңатас қаласында биыл 11 көше жөндеуден өтеді. Аталған мәселе аймақ басшысының ауданға іссапары кезінде тұрғындар тарапынан көтерілген болатын, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сарысу ауданы Жаңатас қаласында биыл 11 көше жөндеуден өтеді. Бүгінде Т.Рысқұлов, И.Тайманұлы, К.Әзербаев, Аяпов, Ғ.Мұратбаев, Ы.Дүкенұлы, Т.Бокин, Тоқтаров, Б.Момышұлы, А.Молдағұлова көшелерінің жол жабындысына орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлінді.

Сондай-ақ, Тоғызкент ауылындағы Саңырық батыр көшесінің жол жабындысына орта жөндеу, Әбілда ауылына кіре беріс жолдың жабындысына орта жөндеу, Көкдала-1 ауылы, Игілік ауылы, Өндіріс, Маятас, Ұйым ауылдарының кіре-беріс жолдарының жабындысына орта жөндеулер жүргізу үшін қаржы бөлініп отыр.

Шешімін тапқан мәселеге сарысулықтар өз ризашылықтарын білдіруде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.