Сарысу ауданында 380 орынға арналған мектеп күрделі жөндеуден өтеді

0 3

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Сарысу ауданы Ақтоғай ауылындағы Ақтоғай орта мектебі жөндеуден өтеді,- деп хабарлайды  «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Елді мекендегі бұл мектеп 2003 жылы пайдалануға берілген. Алайда осыған дейін бір де бір рет жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. Тұрғындардың өтінішін назарға алған аймақ басшысы білім нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өңірдің Даму жоспарына енгізді. Қазіргі уақытта жобалық сметалық құжаты дайындалып, сараптама қорытындысы шыққан.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың» орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Тоғызкент ауылындағы «Жанна» балабақшасы күрделі жөндеуден өтетін болды. Ауыл тұрғындары облыс басшысына алғыс білдіруде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.