Жаңатас қаласында қазіргі уақытта 23 200 -ге жуық халық тұрады

0 0

Қазіргі уақытта Жаңатас қаласында 23 200 -ге жуық халық тұрады. Мұнда 91көп қөпбатты тұрғын үй бар , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Қала халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету тек қалыпқа келтіруге жарайтын үйлерді жөндеу арқылы жүргізілуде. Жаңадан салынып жатқан тұрғын үй жоқ.

Дегенмен қолдағы бар көпщқабатты үйлердің алды мен аулаларды абаттандыру жұмыстары да қарқын алып келеді.

Биыл 3 шағын ауданның (№23/1, №23/2, №23/3, №25/1, №25/2, №25/20) 6 үйдің ауласына абаттандыру жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттары әзірленді. Абаттандыру жұмыстарының ішінде 2 үлкен кешен және 7 балалар ойнайтын элементтері бар алаңша, 14 дана жаттығу элементтері бар «стрит воркаут» алаңшасы салынатын болады.

Тәуелсіздіктің жемісін көріп келе жатқан халық облыс басшысына алғыс білдіріп, қуаныштарында шек жоқ!

Leave A Reply

Your email address will not be published.