Таразда Шопеннің 210 жылдығы аталып өтті

0 2

Ағымдағы жылдың наурызында көрнекті поляк композиторы әрі пианисті, поляк музыка мектебінің негізін қалаушы және еуропалық музыкаға романтикалық бағытты әкелген Фредерик Шопеннің туғанына 210 жыл толды.

Осыған орай, «Еврей қайырымдылық ұйымы» Қамқорлық Орталығы. Хэсед Полина», «Шиват Цион» Жамбыл облыстық еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Жамбыл облыстық «Полонез» поляк тілі және мәдениеті» орталығы» қоғамдық бірлестігі бірлесіп М. И. Глинка атындағы балалар музыка мектебі дирекциясының қолдауымен «Шопениана» дәріс — концерт форматында мерекелік кеш өткізді.

Кешке Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшылары, Тараз қаласының еврей және поляк қауымының мүшелері, музыка мектебінің ұстаздары мен оқушылары, және олардың ата-аналары қатысты. Кешті қысқа кіріспе сөзбен «Авраам» клубының жетекшісі, еврей қауымының ақсақалы Михаил Бунин ашты. Фредерик Шопеннің өмірі мен шығармашылығы туралы кеш ұйымдастырушысы, музыкатанушы, «Хэсед Полина» еврей қайырымдылық ұйымының волонтері Людмила Кришнер таныстырды. Ал, Польшада сақталаған ұлы композитор туралы естеліктер туралы «облыстық «Полонез» поляк тіл және мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лариса Калькова өз әсерлерімен бөлісті.

Концертте белгілі пианисттер Виктор Зоринның, Азиза Кушаковның, музыка мектебінің оқушылары Максим Кудринның, Зульфия Кабированың, Нелли Баранецканың, Меруерт Қасымның орындауындағы Фредерик Шопен шығармалары орындалды. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Ксения Русакова мен Татьяна Дума ЮНЕСКО халықаралық би кеңесінің мүшесі, оқытушы Ольга Привалованың Шопеннің музыкасына қойылған балет жанрындағы ерекше би қойылымын көрсетті. Сонымен қатар, кеш барысында Поляк қауымының жас таланттары Татьяна Сакович пен Матвей Любаев белгілі композиторға арнап поляк тілінде өлеңдер оқыды.

Кеш соңында еврей және поляк этномәдени бірлестіктерінің басшылары концерттің барлық қатысушыларына «Шопениан» шығармашылық кешіне қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етті.

Бибігүл Шахзада

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.