Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтауы

0 236

Құрметті, аудан жұртшылығы, қымбатты жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

1 мамыр мерекесі- бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған барша отандастарымыз үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің, татулық пен тұтастықтың, бірлік пен берекенің мейрамы. Бұл — бәріміз үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық бірліктің мерекесі.
Құрметті, көпшілік! Ардақты, ағайын!
Бірлігі бекем ұлттың алар асуы, шығар шыңы биік болатыны сөзсіз. Ендеше уыздай ұйыған ортақ Отанымызда атқан әрбір бейбіт күннің қадіріне жетіп, бақытты да баянды ғұмыр кешейік!
Ел басына сын сағаттар туып, адам денсаулығына алаңдайтын қазіргі төтенше жағдай кезінде бірлік пен ынтымақтың, татулық пен тұтастықтың маңызы ерекше. Біз біріксек қана, бір мақсатқа жұмылсақ қана, адамзат баласына қауіп төндірген бұл сыннан да сүрінбей өтеміз.
Баршаңызды ынтымақ пен бірлік мерекесімен тағы да құттықтай отырып, әр отбасына амандық, денсаулық, ынтымақ, бірлік пен құт-береке, рухани байлық пен даналық тілейміз! Тыныштығы сақталып, ынтымағы жарасқан еліміздің еңсесі биік, мерейі үстем болсын!
Халықтар достастығы мен ынтымақтастығын көздеген мамыр мерекесі, халықтың тамаша дәстүріне, қазақстандық толеранттылықтың бейнесіне, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналған мерейлі мереке құтты болсын!
Қадірменді, жерлестер! Түрлі халықтың тағдырын тоғыстырған, тұтастығын сақтаған Қазақстан жасай берсін! Тілегіміз — тыныштық пен татулық болсын! Баршаңызға зор табыс тілеймін! Шаңырақтарыңыз шаттыққа, ізгілікті істеріңіз береке мен ырысқа толсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.