Аудан жұртшылығы мамыр мерекесін онлайн форматта тойлауда

0 0

Биыл -ерекше жыл! Төтенше жағдайға байланысты барлық шара онлайн форматта өтуде. 31 ауылдық кітапхана мен 29 мектеп кітапханалары виртуальды көрме ұйымдастырып,онлайн-құттықтаулар жолдады.

Барлық шаралар онлайн жоспарланып,ауқымды жұмыстар жүргізілуде.Екі апта уақыттан бері ауданның әлеуметтік желідегі ресми парақшалары арқылы 130-дан аса онлайн видеоқұттықтаулар жүргізіліп, конкурс пен байқаулар ұйымдастырылды. Барлық ауылдық округтерден өзге этнос өкілдерінің бейнеқұттықтауы жолданып,демалыс күндері онлайн-концерт ұйымдастырылды. Барлық шаралар әлеуметтік желі арқылы халыққа таратылуда.

Мереке қарсаңында осал санаттағы отбасыларға қайырымдылық көмектер ұйымдастырылды.

Барлық ауылдық округтерде ардагерлер мен көпбалалы аналарды, жасы келген өзге этнос өкілдерін құттықтау шаралары жүргізілді. 21 мәдениет ошақтарында дауыс ұлғайтқыштармен құттықтаулар айтылып,мерекенің мәнін ашатын музыкалық шашулар қойылды. Репортаж оқылып,аудан жетістіктері таныстырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.