Тұрар Рысқұлов ауданында ақын Абай шығармалары насихатталуда

0 10

Биыл ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы елімізде кең көлемде аталуда.
Тұрар Рысқұлов ауданында бұл шара қаңтар айында Абай ауылының Абай атындағы орта мектебінде аудандық «Абай-ұлы тұлға»атты ауқымды шарамен басталып,ауданда Абай жылын өткізу шаралары бастау алған. Абай шығармалары мен өнегелі өмірін насихаттауда аудандық жоспар жасалып,атқарылар жұмыстар нақтыланды.Ауданда
Абай шығармашылығын насихаттау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылған.Мысалы, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу эстафета-челленджіне қатысқан 174 орындаушы іріктеліп,насихатталса,6 қара сөздерін оқушы азаматтар, 16 әндерін орындаушылардың бейнематериалдары әлеуметтік желі арқылы ресми парақшаларда жарияланды. Абай тұлғасын таныту үшін 24 ақпараттық материалдар салынса,аудандық газетте 17 мақала жарияланды.
Абайдың шығармашылығын насихаттау мақсатында аудан көлемінде 44 іс-шара өткізілді.
Қазіргі уақытта онлайн конкурстар мен байқаулар, челлендждер жалғасын табуда.
Абай әлемін тану арқылы әлемге қазақ елін танытуға аудан жұртшылығы да өз үлесін қосуда.
АBAI175#

Leave A Reply

Your email address will not be published.