Қауіпті дерттің алдын алуда медицина қызметкерлерінің еңбегі ерекше

0 4

Алты құрлыққа ауыз салған қауіпті дерт елімізге келгелі де біршама уақыт өтті.Тәжтажалдың алдын алу, халық денсаулығын қадағалау кезек күттірмейтін мәселеге айналды.Осындай жауапты істе Тұрар Рысқұлов ауданының медицина қызметкерлері абыроймен атқаруда. Күндіз-түні халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстар сапалы деңгейде ұйымдастырылған.


Аудандық орталық ауруханада 75 дәрігер, 300 орта буын қызметкерлеріне Коронавирус дертінің алдын алу бойынша ақпараттық нұсқама өткізіліп, медициналық көмек көрсету дайындығы бойынша ТҚҚСҚББ мамандарының қатысуымен 9 семинар-сабақ өтіп, АОА дәрігерлерімен 16 тренинг жүргізілген.Бұл алған білімдерін күнделікті пайдалануға тәжірибе жинақтады,
Бір қуантарлығы ауданда аты жаман дертпен ауырған науқас тіркелмеген. Сонда да барлық талапқа сай сақтық шаралары жасалған. Орталық аурухана қажетті дезинфекциялық құрылғылармен толық жабдықталған, мысалы: деохлор-3000; люирэкс-3000 табл; додексан-20л; антисептик-100 л; гиплохлорид-200 кг; хлордезин гранула-200 кг. Қазіргі таңда орталық аурухана карантиндік режимге көшіріліп,қатаң тәртіппен жұмысын жалғастыруда.
Дәрігерлер тарапынан күнделікті үйме-үй аралау жұмыстары белсенді жүргізіліп, науқастарды анықтау, кеңес беру, түсіндіру шаралары өтуде.
Коронавирусты аурулармен қатынаста болған науқастарды бақылауға жатқызуға аурухананың Жұқпалы аурулар бөліміне 3 бокс, әр бокста 2 төсектен 6 төсек даярланды, қосымша 20 төсек орын даяр.
Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін вирусқа қарсы препараттар қоры жасақталды,мысалы, Тамифлю-2000 капсула, Номидес-1200 капсула, Рибоварин-1500 таблетка; Қажетті медициналық жабдықтар:термометр-500 дана, шпатель-6000 дана, көп реттік костюм-90 дана, көп реттік маска-2500 дана, дезинфекциялық препараттар қоры: антисептик-100 л,гипохлорид-200 кг, гранула-200 кг алынды. Аудан аумағына
Алматы, Нұрсұлтан және басқа аймақтардан келген 1771 адам , оның ішінде 800 студент бақылауда, 96 жүкті әйел күнделікті тексеруге алынған.
Мониторинг күнделікті жүргізілуде.
Тұрақты түрде үй аралау жұмыстары күшейтілді, күнделікті 3450-3700 аула қаралады. Дене қызуы және жөтелі бар адамдар тізімі жасалынып, амбулаторлық ем қабылдауда.
Коронавирус жұқпалы ауруының алдын-алу және таралмау іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында науқастарды топтастырмау үшін аурухана мамандары үйден қызмет көрсету іс-шарасын күшейтті. Дәрігерлік диспансерлік есепте тұратын аудан тұрғындарына дәрі – дәрмегі мейірбикелер арқылы науқастардың үйіне жеткізілуде.
Үйге дәрігерді шақыру, телефон байланысы арқылы қашықтықтан кеңес алу, жедел дәрігерлік көмек беру шаралары сапалы ұйымдастырылуда.Бұл жұмыста учаскелік отбасылық дәрігерлер мен мейірбикелердің, жұмысты ұйымдастырушы Ш.К.Мырзалиев басқаратын аурухана мен емхана ұжымдарының еңбегі ерекше.
Сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру шарасы да жақсы жолға қойылған
Осы уақытқа дейін жұртшылыққа қоғамдық орындарда Коронавирус індетінен сақтану туралы 30000 -нан аса парақша таратылды, әр аула араланып,Жадынама үлестірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.