Төтенше жағдай кезіндегі көктемгі дала жұмыстары толастаған жоқ

0 0

Тұрар Рысқұлов ауданы — ауыл шаруашылығымен,оның ішінде егін шаруашылығын дамытуға баса назар аударатын ауданның бірі.
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға қарамастан, ауданда бұл бағыттағы жұмыстар өз деңгейінде ұйымдастырылды.
Биыл аудан аумағында
2020 жылдың өніміне 53916 гектар күздік бидай, 275 гектар күздік арпа себілді(2019 жылы күзде).
Көктемде 3500 гектар жаздық бидай, 56220 гектар жаздық арпа, 100 гектар дәндік жүгері, 8409 гектар майлы дақылдар, 320 гектар қант қызылшасы, 195 гектар картоп, 209 гектар көкөніс, 95 гектар бақша, 3800 гектар мал азығына көпжылдық шөп егілді.
Жоспарланған масақты дәнді дақылдар мен мақсары дақылының тұқымдары жеткілікті көлемде шаруаларға үлестірілді.
Себілетін тұқымдар тазаланып, аудандық тұқым зертханасында тексеруден өтті.
Көктемде себілетін дақылдар үшін айдалып дайындалған егістік жердің көлемі — 71853 гектар. Көктемде 18804 гектар егістік жер айдалды.
Бүгінге 59720 гектар жаздық масақты дақылдардың толық 59720 гектары (100%), 3 800 гектар мал азығына көпжылдық шөптің 3 803 гектары (100,1%), 209 гектар көкөністің 89 гектары (58%),8 409 гектар мақсарының 5 543 гектары (65,9 %), 195 гектар картоптың45 гектары (23,1%),320 гектар қант қызылшасының 80 гектары (25,0%) себілді (480 с.б. қант қызылшасы тұқымынан, 380 с.б. алынды).
2020 жылдың көктемгі дала жұмыстарына қажетті 2 795 тонна жанар-жағар май бөлінген.
Егілген дақылдардың шығымдылығы мен сапасын арттыруға, жердің құнарлылығын көтеру мақсатында бүгінгі күнге 220 тонна тыңайтқыш алынды.
Қолда бар мүмкіндіктер қарастырылып,қажетті ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылды.Бүгінгі таңда бұл жұмыстар толығымен аяқталып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.