Карантин кезінде ҚАЖ департаменті ЖД-158/7 мекемесінен екі сотталған босатылды

0 0

Карантин кезінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/7 мекемесінен екі сотталған босатылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Оның бірі Алматы облысының тұрғыны. ҚАЖ комитетінің нұсқауына сай түзеу орнының қызметкерлері тұрғылықты мекенжайына жеткізді. Сондай-ақ, көп рет қолданылатын бетперде, қолғап және антисептикалық құралдармен толықтай қамтамасыз етілді. Қиындықтарға қарамастан көптен күткен бауырымен қауышқан туыстары тәртіп сақшыларына алғыс білдіріп, қуаныштың көз жасына ерік берді.
ЖД-158/7 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Алмасбек Азизбековтың айтуынша, «Қазіргі уақытта төтенше жағдайдың режиміне байланысты барлық қызмет түрлері арнайы шаралар бойынша жұмыс істейді. Жергілікті полиция департаменті, пробация қызметі басқа да тиісті салалармен өзара іс-қимыл жасалып жатыр. Біз барлық қажетті шараларды қабылдадық» деседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.